Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

«ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Қызылордадағы «Томирис» би ұжымы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық мәдени фестивальде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
1 желтоқсанда басталатын фестиваль Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентінің гуманитарлық ұйымы, шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян ұйымдастыруымен өткізіледі.
Сыр өңірінің «Томирис» би ансамблі 2001 жылы құрылған. Бастапқыда би тобында тек 4 адам болды. Қазіргі таңда ансамбльде 30-ға тарта биші бар.
Ансамбль Қызылорда облысының жалғыз кәсіби би тобы болып саналады. Бұған дейін ансамбль халықаралық жарыстарға қатысып, өз өнерлерін паш етіп жүр.
Айта кетейік, бұған дейін  бишілер Түркия елінде өнер көрсеткен болатын.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика