ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ
Қызылордада мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXIV дәстүрлі спартакиада аяқталды.
Жарысқа 18 команда 1000-ға жуық мемлекеттік және ведомстволар қызметкерлері спорттың 8 түрінен сынға түсті.  
Мақсаты – Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендейбұқаралық спортты одан әрі дамыту,мемлекеттік және ведомстволар қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, халық арасында достық пен өзара сенімді нығайту саясатын тереңдету үшін бұқаралық спорттың рухани әлеуетін пайдалану.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-топ бойынша облыстық  ішкі істер департаменті қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды шекара отряды 20/19 әскери бөлімі, үшінші орынды облыстық төтенше жағдайлар департаменті иеленді.
2-топ бойынша қала әкімінің аппараты үздік шықса, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы екінші, статистика департаменті үшінші орындарды  еншіледі.
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командаларға естелік сыйлықтар, дипломдар табысталса, жалпы есепте жеңіске және жүлдеге ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика