«ӘН МЕН ӘНШІ» ЖОБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ
ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ”Ән мен Әнші Ұлы Дала Астаналарында” жобасымен  Қазақстанның эстрада жұлдыздары еліміздің көне Астаналарын аралап, концерттік бағдарламаларын ұсынуда. Осы орайда бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде  өнер иелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
- Біз қазақ еліне киелі қоныс болған Ұлы дала астаналарының тарихына үңілеміз. Бұған дейін қазақ ордасының орталығы болған Сарайшықта болдық. Бүгін Алаштың анасы атанған Сыр елінің жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйламақпыз. 21 маусым киелі Түркістанға жол тартып, Астана, Алматы қалаларында «Ән мен Әншінің» гала концертін ұйымдастырып отырмыз, - дейді жоба жетекшісі Сержан Молдасанұлы.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика