«MEN QAZAQPYN» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Мен қазақпын» мега жобасына аудандар мен Қызылорда қаласынан 18-40 жас аралығындағы 120-ға жуық талапкер қатысып, оның 25-і облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.
Атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобаның облыстық іріктеу кезеңі 11-27 мамыр аралығында өтті.
«Сыр елі қаймағы бұзылмаған өңір, төл өнердің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Облыстық кезеңге өту үшін талапкерлер жақсы дайындықпен келген. Ал облыстық іріктеудің ақтық сайысы 17 маусым күні Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді»,- деді телеарна директоры.
Осы жылы телевизиялық мега жобасында тың жаңалықтар өте көп. Соның бірі, жүлделі орындардан бөлек, өнерпаздардың арасынан «Көрермен көзайымы -2018» анықталатын болады. Бұл номинацияны халық онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика