Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ЕНГІЗІЛМЕК
Қазақстан Президентінің төрағалығымен жуырда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткені мәлім. Аталған шарада Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік ашып отырған Сыр өңіріндегі геоақпараттық онлайн-сервистің мүмкіндіктері туралы айтып берді. Шарада Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің жұмысын жүргізуде айтарлықтай қолдау білдіретін бұл жүйені өзге өңірлерде де енгізуге тапсырма берген болатын.
Палата директоры Ғ.Жақсылықовтың сөйлеген сөзінің нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің бүгінгі жетістіктеріміз еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Сіз жүргізіп келе жатқан жүйелі саясаттың нәтижесі екенін біз жақсы білеміз. Өзіңізден бастау алған «Бастау Бизнес» жобасы халыққа тың серпін берген, өміршең бағдарламаға айналуда. Жобаға қатысқан азаматтардың арасында мамандықтарын өзгертіп, кітапхана аралап, ақпараттық технологияның кең мүмкіндіктерін пайдаланатын жандардың қатары артты.
2017 жылдың өзінде «Атамекен» 15 мыңнан астам ауылдықтарды оқытып шықты. Олардың 8 мыңы жобаларын сәтті қорғап, 3,5 мыңы қаржылық қолдауға ие болды, кәсіптерін ашты. Биыл бұдан да жоғары межені бағындырмақпыз.  
Сіз биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауыңызда 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігін айтқан болатынсыз.
Бізге техникалық шарттарды алу, архитектура және жер мәселелері бойынша рұқсат беру құжаттарын ресімдеу процесінде үлкен ашықтық қажет.
Қолданыстағы заңдарда жер учаскелерін алу мерзімі екі айға дейін деп көрсетілгенмен, бұл іс жүзінде жарты жылға дейін созылып кетеді. Өйткені жер алуға рұқсат беретін мекемелердің саны көп, бұған қоса олардың ақпараттық жүйелерінің арасында өзара байланыс жоқ. Бұл мәселені шешуде біздің Қызылорда облысының оң тәжірибесімен бөліскім келеді.
Бүгінде облыс әкімдігі кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше мән беріп, биылғы жылда аймақта «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялады.
Осы ретте, Қызылорда қаласының барлық әлеуметтік маңызы бар объектілері мен инженерлік желілері туралы толық ақпаратпен қамтылған электрондық карта  даярланды. Оның негізінде бизнеске барлық инженерлік желілерге қосылуға рұқсатты бір жерден алуға мүмкіндік беретін геоақпараттық онлайн-сервис құрылды.
Бұрын инженерлік коммуникацияларға техникалық шарттар алу үшін құзырлы 4 мекеменің әрқайсысына жеке өтініш беріп, рұқсаттама құжаттарын 4 ай көлемінде алатынбыз. Қазір онлайн-сервистің арқасында, ол 3 күнге дейін қысқартылып, кәсіпкерлер тек қана бір ұйымға жүгінуге мүмкіндік алды.
Жер учаскелеріне рұқсат беру мәселесі бойынша да біраз шаруа атқарылды. Тек уәкілетті мекемелердің өзара қатынасын реттеу арқасында, рұқсат беру мерзімі 148 күннен 70 күнге, ал жаңа регламент қабылданғаннан кейін 29 күнге дейін қысқартылды.
Ендігі кезекте өңірде жер қатынастары саласындағы барлық қызметтерді электрондық форматқа көшіруді бастап, оны осыжылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.
Бұл кәсіпкерлерге коммерциялық мақсатқа берілетін барлық бос жер учаскелерін, олардың инфрақұрылымға қосылу шарттарын көруге, жауапты мемлекеттік органдардың өтініштерді қарастыру мерзімін онлайн түрде бақылауға және белгіленген мерзімде рұқсаттама құжаттарды алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер геоақпараттық онлайн жүйесінің оңтайлылығын және тиімділігін іс жүзінде сезініп отыр. Егер 2017 жылы инженерлік желілер бойынша берілген рұқсаттаманың саны жыл ішінде небәрі 2,5 мың болса, ал осы жылдың тек қана 4 айында – 2200-ден асты.
Осыған орай, партияның аталмыш жүйені республикалық деңгейде құру жөніндегі бастамасын толық қолдаймын. Сонда ғана коммерциялық мақсатқа берілетін бос жер учаскелері туралы ақпарат, сату немесе жалға беру аукциондары, оған қатысу шарттары барлық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болады және толық «ашықтық» мәселесі шешіледі.
Бүгін Мәулен Сағатханұлы, «Нұр Отан» партиясының жаңа жобаларымен таныстырды. Көріп отырғанымыздай, олардың ішінде кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Мен кәсіпкер ретінде де, қарапайым азамат ретінде де аталған жобаларды толықтай қолдаймын.
Атап айтқанда, партия «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әрбір қазақстандық үшін пайдалы бірқатар әлеуметтік жобаларды да іске асырғалы отыр.
Бұл мектеп асханаларын жаңғырту және мектептегі тағамдану сапасын арттыру. Барлығымыз да балаларымыздың дені сау және табысты болып өсіп-жетілуін қалаймыз. Сондықтан бизнес бұл жобаға белсене кірісуге дайын. Қазір де бизнес бұл салада толық қызмет көрсетуде, кемшін тұсымыз инвестиция салудың тиімсіздігінде болып тұр.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мектеп басшылары асханаларда қызмет көрсету қызметіне тендерді жыл сайын жариялайды. Жылдың 3 айға жуығы тендерге қатысуға кетеді, ал қалған 6 айда ғана қызмет көрсетіледі.
Сондықтан бизнестің инвестиция салуына немесе ұзақ мерзімді шарттар жасауына мүмкіндік беретін тиімді механизмдер қарастырылуы қажет деп ойлаймын.
Сөзімді қорытындылай келе, Сіздің жаңғыртуға бағытталған бастамаларыңыз, партия қозғалысының жаңа «магистральдары» кәсіпкерлер үшін кең мүмкіндіктер ашады деп айта аламын.
Елге барған соң Сіз қол қойған кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге арналған Заң мен бүгінгі Партияның кеңейтілген отырысында қабылданатын шешімдерді ауыл ауылды аралап, жерлестеріме түсіндіремін, кеңінен насихаттайтын боламын».
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бұған қоса мектептерде спорт алаңдарын салу немесе қайта салу жобасы да өзекті мәселе екендігін атап өтіп, бұл жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмінің аясында жүзеге асыруға даяр екендігін жеткізді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика