ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 2 МЛРД 864 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд 864 млн. теңге аударды, оның 2 млрд 708 млн. теңгесі (93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 155 млн. теңге (7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі, деп хабарлайды Қызылорда облысының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы.
Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Жанақорған мен Қазалы аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика