Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Астана күніне орай Тұңғыш Президент саябағында облыстық патриоттар форумы өтті. Жыл бойы аймағымыздың дамуы мен ел игілігі  үшін ерінбей еңбек етіп, ерен ерлік көрсетіп, жетістіктерімен үлес қосып келе жатқан қызылордалықтар марапатқа ие болды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев форумға қатысушыларды алдағы Астана күнімен құттықтады. 
«Қазақ тарихында ормандай халқына қорған болсам, алға жетелеп, арманына жеткізсем, тәуелсіз ел қылып, биікке көтерсем деген тұлғалар аз болмаған. Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, әз-Тәукенің Жеті жарғысы содан қалған. Абылайханның арпалысы, Әбілқайырханның жанталасы қазақты қалай да қазақ қылсам деген арманнан туған. Ал, сол бабалардың арманын асқақ, мақсатын мұрат еткен бүгінгі Көшбасшысымыз – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Біз енді Елбасымызды сасқанға Сая десек те, асқанға Тосқан десек те, ұлтқа Ұран, ұрпаққа Ұстаз десек те, елдің Иесі, жердің Киесі деп қанша айтсақ та артық болмайды!? Өйткені, бүгінгі Қазақстан – болашағы бекем, келешегі кемел ел!» - деп облыс әкімі ерекше ықыласпен сөз бастады.
Мерейлі мерекелерінің тоғысында өткен облыстық патриоттар форумында аймақ басшысы әр саладағы белсенді, өз ісінің кәсіби шеберлері - 15 қызылордалықты  марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Марапатқа ие болғандардың қатарында Ішкі істер департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Бауыржан Нұржанов  бар. Бауыржан 2017 жылы қазан айында қаламыздағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған өрт кезінде алдымен өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, өзі жалындаған өрттің ішіндегі         5 және 6 жастағы балаларды құтқарып алып шыққан. 
№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермекбек Пазлиев те қала тұрғынын өрттен құтқарса, Қазалы ауданындағы №266 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі  Мейрамбек Жакупов - аудан орталығындағы Әйтеке би кентінің 76 жастағы тұрғынын қауіптерге қарамастан, құтқарып алып шыққан нағыз ер жүрек азамат.
Аружан Бисенбаеваның үйлерінде өрт шыққан сәтте жанында сіңілісі және екі інісі болған, 11 жаста болғанына қарамастан Аружан бауырларын терезе арқылы сыртқа шығарып, өмірлерін сақтап қалған. 
Ерлігі көпке үлгі болатын қаламыздың тағы бір тұрғыны -  «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Сиюов. Бірнеше жыл бұрын көлік апатына ұшырағаннан бері Сағатбек мүгедектер арбасымен жүруге мәжбүр. Десек те бұл жағдайға қарамастан, қайырымдылық шараларға белсене қатысады, отырып билеумен айналысып,  «Фристайл» санатында Қазақстан Республикасы чемпионы атанған.
«Ерлік» үйлестіру кеңесінің және «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов көп жылдар бойы жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізіп, бірнеше әскери-патриоттық жобалар жасаған.
София Аужарова – 25 жыл еңбек өтілі бар дәрігер, облыстық жедел жәрдем станциясының бөлім меңгерушісі. 19 жыл алғашқы медициналық қызмет көрсету бригадасында қызмет атқарған София Тұрсынбайқызы клиникалық өлім жағдайындағы, ауыр кома үстіндегі, жол жарақаттары, суық қарумен өлім жағдайларында ажалмен арпалысып жатқан науқастарды аман алып қалған батыл дәрігер. 
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. 
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика