Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРІСІ ӨТЕДІ
16 маусым күні Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметші күніне орай «Алға басу – движение вперед» атты қайырымдылық жүгірісі өтеді.
Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халықына арнаған Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу, «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.  
Қайырымдылық жүгірісі Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында бір күнде, бір уақытта, бір стартпен өткізіліп, насихатталады.
Жарыс облыс орталығындағы «Достық үйінен» басталып, «Евразия» спорт кешенінің алдында мәреге жетеді. Жарысқа бес жас санатындағы (25-31 жас, 32-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас аралығы) мемлекеттік қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен өзге де жеке тұлғалар қатыса алады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталады.
Қатысушыларды тіркеу «Достық үйі» алдында сағат 09.00-де, 10.00-де салтанатты ашылуы, 10.30-да  велоспорт мектебінің алдында марапаттау рәсімі өтеді. Барша қызылордалықтарды жарысқа белсенді қатысуға шақырамыз!

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика