ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІКТЕР САНЫ АРТТЫ
Қызылорда облысында газбен жүретін көліктер саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, осыдан тоғыз жылдай бұрын Қызылорда облысында тіркелген 89 901 көліктен шыққан ластағыш заттар көлемі 82,090 мың тоннаны құраған екен. Ал 2017 жылы тіркелген көліктер біршама артып, олардың саны 143 750-ді құрағанымен ластағыш заттар көлемі төмендеген. Дәлірек айтқанда, ол 61,16 мың тоннаға азайған.
«Бұл қоршаған ортаға қауіпсіз отын түрі болып табылатын газ отынына ауысқан автокөліктердің санының артуына байланысты болып отыр. Осы ретте газбен жүретін автокөліктер саны 2015 жылы - 2 725 болса, 2017 жылы - 9 309 дананы құрады. Яғни, ол 6 584 данаға көбейді», - деді М.Құрманбаев.
Экологиялық жағдайды жақсарту және экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында облыс бойынша 1 645 қоғамдық көліктің 663 данасы газ отынына көшірілген. Сонымен қатар, облыс бойынша бүгінгі күнде газ құю бекетінің саны 63-ке жетті.  
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика