ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Астана қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа Қызылорда облысынан 2 команда қатысып, жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.
Он бес команда бақ сынасқан дүбірлі додада Қызылорда облысының командасы ел жеңімпазы атанса, Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекенінің №8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің командасы 2-орынға ие болды. Ал үшінші орын Жамбыл облысының командасына бұйырды.
Сондай-ақ, облыс құрама команда сапында шеберлік байқасқан Жанарыс Әлден, Руслан Қалдыбек және жаңақорғандықтар Досымжан Әбілаш, Айбол Балтабай «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Спортшыларды жарысқа жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханов, команданың бас жаттықтырушысы Өтепберген Әбдіраманов және жаттықтырушылар Мұрат Мұхамадиев, Идаят Алтынбеков, Батырқожа Бабаев дайындады.
Спортшылардың алдағы жоспары - үстіміздегі жылдың тамыз айында Қызылорда қаласында өтетін  ауыл жасөспірімдерініңекінші жазғы ойындарына облыс құрама командасы дайындық үстінде. 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика