Қызылордада облыстық тілдерді оқыту орталығының 10 жылдығы аясында "Рухани жаңғыру – тілге тың тыныс" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Конференцияның алғашқы сөзі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты - Ербол Тілешовке берілді.
Сондай-ақ, облысымызда мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген Аман Абасилов "Жаңа әліпби: мәселе, пікір, ұсыныс" тақырыбында баяндама жасады.
Конференция жұмысының негізгі бөлімі аяқталған соң, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан азаматтар марапалып, шара Сыр өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Сонымен қатар, 4-5 қазан күндері конференцияның тәжірибелік бағыты республикалық, облыстық шаралармен өз жалғассын табатын болады.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика