Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА СОТ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ
Қызылорда облыстық соты ғимаратында жаңартылып ашылған сот музейінің лентасын Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев пен сот саласының ардагері Жақсылық Аяпбергенов қиды.
Рәсімге алқа төрағалары, судьялар, Соттар әкімшілігі басшылығы, сот жүйесінің ардагерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, өмірден өткен сот жүйесі ардагерлерінің жұбайлары да шақырылды.
Облыстық соттың төрағасы Қ.Нұрышев өз сөзінде сот музейі соттардың тарихын түгендеп, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында қорын байытып, сот жүйесінің ардагерлері мен жергілікті соттардан жинақталған экспонаттар негізінде қайтадан жаңартылып ашылғанын айтып өтті.
Жиын барысында сөз алған сот жүйесінің ардагері Амангелді Әнуарбеков болашақ ұрпаққа мұра қалдыру үшін тарихи айғақтарды сақтау өте  маңызды екенін айта келе, сот тарихын ел есінде мәңгілікке қалдырып отырғаны үшін сот ұжымына алғысын білдірді.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін меймандар музей жәдігерлерін аралап көрді.
Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді жобасын жүзеге асырумен тоғысып отыр. Музейдегі жәдігерлер 24 стендке бөлінген, олардың әрқайсысының өзіндік тарихи ерекшеліктері бар. Музейдегі фотосуреттер мен өзге де құжаттардан Қызылорда облысы соттарының ардагер судьялары мен соттың тарихымен кеңінен танысуға болады.
Іс-шара соңында жәдігерлерді жинақтауға белсене атсалысқандарға облыстық сот төрағасының алғыс хаты табысталды.                                     
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика