ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫНДА ҚОНАҚТА БОЛДЫ
Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының сол жағалаудағы жаңа ғимаратында ҚР Ішкі істер министрлігі қызмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қонақта болды.
Шара барысында құқық қорғаушылар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Орталық басшысы Н.Мыңжас бағдарламадан туындайтын міндеттер мен өткізіліп жатқан шараларға және арнайы кіші бағдарламаларға тоқталды. Орталықтың жұмыс барысымен таныстырып, құқық қорғаушылардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына жолдауы да сөз болды.
Одан соң департаменттің қырыққа жуық қызметкері Қызылорда қаласы тарихы музейінде болып Сыр елінің тарихы мен бүгінінен сыр шертетін деректермен танысты.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика