Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Әбибуллаева мәлімдеді.
Аталған дронмен тез арада жетуі тиіс қажетті заттарды алыс-шалғай жерлерге жеткізу жоспарланып отыр.
- Бүгінде Қарағанды, Астана, Алматы облыстары бұл дрондар арқылы пошта сәлемдемелерін жеткізуде. Дрон 500 км дейін ұшады. Ол тек газет-журналдар ғана емес сондай-ақ, салмағы 5 килограммға дейінгі шағын сәлемдемелерді де жеткізуге қабілетті. Хат-хабарды автокөлікпен тасымалдауға шамамен 4 сағат уақыт жұмсалса, бұл аралықты дрон бар-жоғы 40 минутта еркін еңсереді. Ең бастысы – үнемді әрі қолайлы. Мұндай дрондарға ұсыныс берілді, 2019 жылға іске қосу жоспарланып отыр», - деді А. Әбибуллаева.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика