ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҒАРЫШ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Әлемде 4-10 қазан аралығы Дүниежүзілік ғарыш апталығы өтуде. Осы орайда «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Атап өтейік, Байқоңыр қаласы Қызылорда облысының Қармақшы ауданының аумағында орналасқан.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдегі тұңғыш және іріғарыш айлағы болып табылады. Шөлейтті, күн шуақты, тұщы су қорының болуы және экваторға жақындығы ғарыш айлағын салу үшін бұл орынды таңдауға себеп болған. Байқоңырдан басқа, Дағыстан, Марий Республикасы және Астрахань облыстары да ғарыш айлағын салу орны ретінде қарастырылған.
Ғарыш айлағының жалпы аумағы 6717 ш.км–ды құрайды.
Байқоңыр ғарыш айлағының әкімшілік орталығы Заря, Звездоград (Генерал Шарль де Голль келгенге дейін) кенті деп аталды, Ленинск қаласына 1995 жылы ресми түрде Байқоңыр қаласы атауы берілді.
Байқоңыр ғарыш айлағының мұражайы экскурсиясы шамамен 5-6 сағатты құрайды.
Зымырандардың макеттері мен бөліктерінен және экспозициялық залдарда ғарышкерлердің жабдықтықтарымен қатар, Сергей Королев пен Юрий Гагариннің үйлері ғарыштық мұражайдың бөлігін құрайды.
«Союз» зымыран тасығышы R-7 жиынтығының ең әйгілі зымыраны негізінде Байқоңыр ғарыш айлағы құрылды.
Зенит қызмет көрсетуші персоналдың болуын талап етпейтін, толық автоматтандырылған, орташа деңгейдегі ұшыруды жүзеге асыратын бірінші және жалғыз әмбебап кешен болды. Бұл зымыранды 80-ші және 90-шы жылдары XXI ғасыр зымыраны деп атады.
«Буран» ғарыш айлағының қонуы үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында күшейтілген ұшу-қону жолағымен «Юбилейный» аэродромы салынған.
Астана қаласының 20 жылдығына орай Қызылорда облысы «Протон», «Союз», «Зенит» және «Буран» зымырандарының үлгілері бар ашық аспан астындағы мұражай экспозициясын таныстырды.
Жыл сайын Қызылорда облысында халықаралық «Байқоңыр Инвест» форумы өтеді. Форум аясында ғарыш мұражайына барып, зымыран ұшырылуын тамашалайды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика