Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

300-ДЕН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ
Қызылорда қаласында өткен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясында 42 заңгер 300-ден аса тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Акция Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және «Параграф» ақпараттық жүйесінің, Zakon.kz желілік басылымының бастамасымен өткізілді.
Департаменттің басқарма басшысы Бағдат Ізкенов "Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну болып табылады. Акцияға қатысушы үздік адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, медиаторлар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға құқықтық кеңес беруге атсалысты", - деді.
Акция барысында қызылордалықтардың басым бөлігі тұрғын үй, коммуналдық, қоғамдық көлік және еңбек қатынастары мәселелері бойынша заңгерлердің көмегіне жүгінді.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика