136 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Биыл жазғы демалыста Қызылорда облысының білім беру мекемелеріндегі 1-10 сыныптағы барлығы 136200  оқушы облыстық және республикалық жазғы тынығу лагерьлерінде, спорт клубтары мен үйірмелерінде демалады. 
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Сырдария» лагеріне барып, демалып жатқан балалармен кездесті. Мұнда 499 жеткіншек жазғы демалысын өткізуде.
Аймақ басшысы балаларға жақсы демалыс тілеп, сыйлықтар табыстады.
«Денсаулықтарыңды нығайтып, жаңа дос табуға және жақсы демалыстан кейін қайтадан оқуға кірісулеріңізге тілектеспін», - деді аймақ басшысы.
«Сырдария» лагерінде түрлі танымдық және спорттық үйірмелер ұйымдастырылған, балалар үшін экскурсия өткізу қарастырылған.
Атап өтейік, 2017-2018 оқу жылы Қызылорда облысында 136 астам оқушы, немесе жалпы оқушылар санының 97 пайызы, жазғы демалыспен қамтылатын болады. Оның ішінде 9 жазғы тынығу лагерлері 7 ауысымда демалушыларды қабылдаса, 111200 бала мектеп жанындағы жазғы лагерлерге бармақ.
Одан бөлек, оқушылар үшін аймақтың көрікті жерлеріне экскурсия мен түрлі спорттық-танымдық секциялар және үйірмелердің жұмысы ұйымдастырылады.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика