Новость:: 

Ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы

туралы кеңейтілген мәжіліс өтті

 

Бүгін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Өтеғұлов Арман Кәрімұлының қатысуымен аймақта биологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық- профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Аталған мәжіліске облыстық ветеринария басқармасы, облыстық аумақтық инспекция, ветеринариялық зертхана, аумақтық құрылымдық бөлімшелері және қалалық ветеринария бөлім басшылары, мамандары қатысты. Ал, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ветеринария бөлімдері және ветеринариялық станция басшылары мен мамандары бейнеселекторлық байланыста болды.

Мәжіліс барысында Басқарма басшысы Е. Апетов облыс көлемінде ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуын биологиялық және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Мәжіліс соңында Комитет төрағасы Арман Кәрімұлы облыста эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылық білдірді.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 21-09-2019 12:38
Жаңартылған күні: 21-09-2019 12:38

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика