Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2018 жылдың III-тоқсанында жүргізілген жұмысы туралы

АҚПАРАТ

 

Қызылорда облысының ветеринария басқармасында 2018 жылдың III-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі түрде атқарылған жұмыстар төмендегіше қалыптасты.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылға арналған іс-шаралар Жоспары» жыл басында басқарма басшысының бұйрығымен бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жалғасын табуда.Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілердің электрондық базасы орнатылған.Тоқсан сайын облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің басылымдарында басқарма басшысы мен басшы орынбасарларының қабылдау кестелері жарияланып тұрады. Басқармада 60-54-95 номері сенім телефоны  болып белгіленген.

2018 жылдың III-тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында мақалалар жарияланды (02.06.2018ж. №79-80 «Сыр бойы» және 10.08.2018 ж №31 «Сыр дидары» газеттерінде).

«Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» басқарма басшысының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 18-ө бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 21-26 маусымы аралығында  басқарманың 3 бөлімінде жыл басынан 1 шілде аралығындағы мерзімге ішкі талдау жүргізілді, нәтижесі бойынша  анықтама әзірленіп басқарманың интернет ресурсында орналастырылды. Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардан басқармаға 2018 жылдың басынан барлығы 9 өтініш-арыздар түсіп, мерзімдерінде жауаптары берілді.

Басқарма қызметкерлері арасында Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (23.05.2018ж. №9 және 21.06.2018 ж №14 хаттама), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (19.01.2018 ж. №2,06.02.2018 ж №4, 28.02.2018 ж №5, 05.03.2018 ж №6, 03.04.2018 ж №8, 18.06.2018 ж №13, 02.07.2018 ж №15, 13.08.2018 ж №17, 28.09.2018 ж №18, 17.10.2018 ж №20 хаттамалар) бойынша үнемі оқулар, семинарлар өткізіліп тұрады.Басқармада осы бағытта жүргізген жұмыстар мен жасалған іс-шаралар үнемі жалғасын табуда.


Қосымша №1

Қызылорда облысының

ветеринария басқармасы

басшысының міндетін атқарушы

______________Б. Ахмет

2018 жылғы "19" қараша

№ 42-ө бұйрығымен бекітілген

 

Қызылорда облысы ветеринария басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт "Қызылорда облысы ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік және моральдық мінез-құлық жүйесін құруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдар беруге бағытталған.

     

2. Осы мақсатта қызметкерлерге күнделікті қызметінде төмендегілер жүктеледі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болу және оны дәйекті түрде қолдану;

2) Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Заңдарын және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

4) қызметтік міндеттерді атқару кезінде жеке қызығушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мүдделер қақтығысының туындағаны туралы тікелей басшысына баяндау;

5) жариялауға жатпайтын ақпаратты жеке басы үшін пайдалану және мұндай ақратты басқа мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратпау;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ашу және оған қарсы тұруда белсенділік таныту;

7) қоғам мен мемлекет мүддесі үшін өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;

8) үшінші тұлғалардың мүдделеріне қатысты іс-әрекеттер жасаудан бас тарту;

9) заңмен қарастырылған тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық үшін теріс қылықтарды немесе өзге құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;

10) Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау.

 

3. Басшыларға өзіне бағынысты тұлғалармен барлық деңгейде қарым-қатынастар төмендегілер ұсынылады.

 

1) туыстық, таныстық және жеке басына берілу белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыруға жол бермеу, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағынысты қызметкерлердің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерінің көлемін айқындау;

3) қызметкерлердің қызметін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану шараларын қолдану кезінде әділеттілік, кішіпейілділік таныту;

4) заңға қайшы келетін, сондай-ақ қызметкерлер орындай алмайтын тапсырмалар бермеу;

       

4. Әкімшілік және қаржылық бөлімінің басшысына төмендегі тапсырмалар ұсынылады:

 

1) меритократия қағидатын басшылыққа алу;

2) тағайындау материалдары уақытының сақталуын және белгіленген қарау мерзімін сақтау;

3) қызметке қабылдау кезінде негізгі міндеттері , тыймдар мен шектеулер туралы түсіндіру;

 

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік басшының шешімімен белгіленеді.


2018 жылғы І жартыжылдықтағы Қызылорда облысы ветеринария басқармасының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары

26.06.2018 жыл.                                                                     Қызылорда қаласы.       

       1. «Қызылорда облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

         2. Ішкі талдауды жүргізу негізі – Басқарманың 2018 жылғы 22 ақпандағы № 18-ө бұйрығы болып табылады. Бұл бұйрықта талдауды жүргізуге жауапты тұлға ретінде – әкімшілік және қаржылық бөлімінің бас маманы А.Искаковаға жүктелген.

         3. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын Қызылорда облысының ветеринария басқармасының бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер):

1) Әкімшілік және қаржылық бөлімі;

2) Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімі;

3) Ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімі.

         4. № 12 Бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Басқарма қызметіне қатысты құқықтық актілерінде және нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         5. Басқарманың бөлімдері өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін келесідей негізгі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы;

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы;

         Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру - ҚР АШМ 23.01.2015 ж. №7-1/37 бұйрығы;

"Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы ақпандағы № 16-07/114 бұйрығы;

Жоғарыда тізбектелген нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

         6. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау талдау бағыты бойынша келесі мәселелер зерттелді:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қайшылығын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру;

5) бақылау функцияларын жүзеге асыру.

         1) Кадрлық қамтамасыз ету.

Басқарманың құрылымына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 9 бірлік. Басқарма басшысы - 1 бірлік, орынбасары -1 бірлік, бөлім басшылары-3 бірлік, бас мамандар -4 бірлік. Кадрлар ауысымы болған жоқ.

         2) Мүдделер қайшылығын реттеу

Мүдделер қайшылығы фактілері анықталмаған.

         3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

       7. Басқарма "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы №181 қаулысымен бекітілген регламенттерге сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

1) Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау - ҚР 16.05.2014 ж. № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес;

2) Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру - ҚР АШМ 23.01.2015 ж. №7-1/37 бұйрығына сәйкес реттеледі.

       2018 жыл басынан «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету түрі бойынша 22 ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне есептік нөмір берілді.

           Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша.

         8. 2018 жыл басынан жеке тұлғадан 5 өтініш келіп түсті. Оларға жауаптар "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес берілген.Мерзімдері бұзылып тіркелу және жауаптар берілмеу фактілері орын алмаған.

         Басқарма басшысы мен орынбасарының жеке қабылдау кестесі бекітіліп, сенім телефонының нөмірі 8(7242) 60-54-95 болып белгіленіп, облыстық БАҚ-та ("Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде) тоқсан сайын жарияланып отырады.

         Бұқаралық ақпарат құралдарында "Қызылорда облысы ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сын айтылған мақалалар жарияланған жоқ.


Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «17» шілдедегі №1171 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,



20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда



1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

 

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,



15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің



сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

 

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша



20 қаңтар мен



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы



4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы



4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.


Қызылорда облысының ветеринария басқармасының 2018 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

 

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылуда.

Басқарма бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша 2018 жылдың І тоқсанында бекітілген құқықтық оқыту кестесіне сәйкес, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен 1 рет құқықтық оқу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру семинарлары өткізілді.


Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ (2018 жылдың I-тоқсаны)

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

 

Басқарманың сенім телефоны белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар тоқсан сайын жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланып келеді.

 

Басқармада 2018 жылдың I –тоқсанында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

 


2017 жылғы ІІ жартыжылдықтағы Қызылорда облысы ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама
 
«Қызылорда облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы     № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілген.

Ішкі талдауды жүргізу негізі – Басқарманың 2017 жылғы 18 наурыздағы № 22-ө бұйрығы болып табылады. Бұл бұйрықта талдауды жүргізуге жауапты тұлға ретінде – әкімшілік және қаржылық бөлімінің бас маманы А.Искаковаға жүктелген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша келесідей шараларды қабылдау ұсынылған :

"Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы ақпандағы № 16-07/114 бұйрығында көрсетілген талаптарды жұмыс барысында басшылыққа алу;

Басқармамен атқарылған ветеринариялық іс-шаралардың айлық есептері уақытылы жинақталып ҚР АШМ ВБжҚ Комитетіне уақытылы ұсынылуда.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша:

2017 жылдың басынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің  2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығына сәйкес 113 ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне есептік номер берілген.

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша ҚР қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалауды жалғастыру.

2017 жылы жеке тұлғадан 9, заңды тұлғадан 2 өтініш келіп түсті. Оларға жауаптар "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес берілген. Мерзімдері бұзылып тіркелу және жауаптар берілмеу фактілері орын алмаған.

15.12.2017 жыл


2017 жылдың 9 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпараты         

 

Қызылорда облысының ветеринария басқармасында 2017 жылы 12 шілде және 7 тамыз күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбына арналған жиналыс өтті. Басқарма басшысы Апетов Ерсұлтан Амантайұлы тақырып бойынша сөз сөйледі. 
Жиналыс қорытындысы бойынша басқарма басшысы, басқарма қызметшілері алдында  мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіндегі қағидаларын қатал сақтау талабын сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күресуді, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік туғызатын жағдайларды алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік туғызатын себептерге жол бермеуді қатаң тапсырды.

Қызылорда облысының ветеринария басқармасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
23.06.2017 жыл.
1.Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын Басқарманың бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер):
1)Әкімшілік және қаржылық бөлімі;
2)Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімі;
3)Ветеринариялық санитариялық бақылау бөлімі.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың 2 бағыты:
1)Жоғарыда көрсетілген Басқарманың бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың бөлімдері өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін келесідей негізгі құқықтық актілерді қолданады:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;
Жоғарыда тізбектелген нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық           өкілеттік пен нормалар анықталмады.
2)Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Кадрлық қамтамасыз ету.
Басқарманың құрылымына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер  9 бірлік. Басқарма басшысы - 1 бірлік, орынбасары -1 бірлік, бөлім басшылары-3 бірлік, бас мамандар -4 бірлік. 2017 жылы басқа қызметке ауысуына           байланысты - 1 мемлекеттік әкімшілік қызметші және 2-қызметші жұмыстан өз еріктерімен босатылды.
1 орынға, эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің бас маманы D-O-4 лауазымына жалпы конкурс өткізілді.
Өткізілген конкурс "мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017               жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес өткізілді.
Үміткермен әңгімелесуге байқаушылар шақырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
Басқарма "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы №181 қаулысымен бекітілген регламенттерге сәйкес 2 мемлекеттік     қызмет көрсетеді.
1)Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау - ҚР 16.05.2014 ж. № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес;
2)Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру,         сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру - Қазақстан Республикасының Ауыл аруашылығы Министрлігі 23.01.2015 ж. №7-1/37 бұйрығына сәйкес реттеледі.
2017 жыл басынан «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық           қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету түрі бойынша 73 ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне есептік нөмір берілді.
Мемлекеттік сатып алу.
Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспары "2017 жылға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы" 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ө бұйрығымен бекітілді.
Өткізілген мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы электронды түрде өткізілген. "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де             өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмады.
Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша.
2017 жылы жеке тұлғадан 2, заңды тұлғадан 1 өтініш келіп түсті 2-не жазбаша жауап беріліп заңды тұлғаның өтініші қаралу үстінде.
Басқарма басшысы мен орынбасарының жеке қабылдау кестесі бекітіліп, сенім телефонының нөмірі 8(7242) 60-54-95 болып белгіленіп, облыстық БАҚ-та ("Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде) жарияланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында "Қызылорда облысы ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сын айтылған мақалалар жарияланған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қызылорда облысының ветеринария  басқармасының қызметкерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларды күшейту бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiледi. Осыған байланысты ағымдағы 2017 жылға бiрқатар шаралар жоспарланып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша iс-шаралар:
1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республиканың 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес басқарма қызметкерлерiмен кiрiстер және мүлiктер туралы декларацияны уақытында тапсыру мәселесi басқарманың кадрлық қызметiнiң жiтi бақылауында.
2.2017 жылға арналған қызметкерлердi жаппай құқықтық оқыту жұмысын ұйымдастырудың оқу-әдiстемелiк жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын 2017 жылдың 1 мен 3 тоқсанында, «Жеке мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңын үстiмiздегi жылдың наурыз айында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарғысын 2017 жылдың мамыр айында оқу жоспарланды.
3.Басқармада 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн сақтау бойынша iс-шаралар жоспары әзiрленіп бекiтiлдi.
4.Басқарманың барлығына қолжетiмдi жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған, аталған саланы реттейтiн НҚА орналастырылған ақпараттық стенд бар.
5.Басқарманың қабылдау бөлмесінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi туралы» стендi және Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн сақтауды бақылау кiтабi орналастырылған.
6.Басқарма қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында «сенiм телефоны» жұмыс жасайтыны туралы хабарландыру шығып тұрады. Сенiм телефоны бойынша шалынған қоңыраулар тiркеу журналында есепке алынады.
7.Азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесi басқарма басшылығының жiтi бақылауында (кесте бекiтiлiп, барлығына көрiнетiн жерде iлулi).
8.Барлығына қолжетiмдi жерде «Шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк» орнатылды.
Қызылорда облысының ветеринария басқармасымен 2017 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша мониторинг жүргiзiлдi.

 

Қызылорда облысының ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған           

  ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар атауы

 

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

3

4

 

1

Басқарма қызметкерлерінің облыстық салық департаментіне жыл сайын табыстар туралы декларацияны тапсыруын ұйымдастыру және бақылау

1 тоқсан 2017 ж

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

2

Басқармада тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшіктің» жұмысын жалғастыру

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

3

БАҚ-та «сенім телефонының» жұмыс істейтіні туралы тұрақты түрде хабарландыру жариялануына және оның жұмыс істеп тұруына қатал бақылау жүргізу

тоқсан сайын

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

4

Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтауларына қатаң бақылау жүргізу

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Каденова)

5

Қызылорда облысының ветеринария басқармасы қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа оқыту семинарын өткізу    

жыл ішінде

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу

маусым, желтоқсан

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

7

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

маусым, желтоқсан

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

8

БАҚ-та басқарма басшысының және оның орынбасарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелерімен қабылдау кестесін жариялау

тоқсан сайын

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

9

Басқарма басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелерімен тиісті қабылдауын ұйымдастыру

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

10

Басқармаға өтініш жазған азаматтарға дайындалған жауаптың сапасына және мерзіміне бақылауды күшейту

үнемі

Басқарма басшысының орынбасары (Б.Ахмет) және бөлім басшылары (А.Каденова, М.Ойнаров, А.Абдукаримова)

11

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін біліктілікті арттыру курстарында оқыту мен қайта даярлауды қамтамасыз ету

жыл ішінде

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Каденова)

12

Басқармада мемлекеттік қызметке іріктеудің конкурстық рәсімінің айқын болуын қамтамасыз ету  

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Каденова)

13

Басқарма қызметкерлерін облыста болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы тұрақты түрде хабардар ету

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Искакова)

14

Басқармада мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Каденова)

15

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын сақтау

үнемі

Әкімшілік және қаржылық бөлімі (А.Каденова)

 


Қызылорда облысының ветеринария басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысының ветеринария басқармасының 2016 жылғы 5 қаңтардағы бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Қызылорда облысының ветеринария басқармасының 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы іс-шаралар шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін басқармада «Сенім телефоны» 60-54-95 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі Қызылорда облысы әкімдігі ғимараттында орналастырылған.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Басқарманың басшылығымен аудандарға шығып жеке қабылдау өткізу кестесі бекітілді.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау бағытында басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар өткізіліп келеді.

Қолданылған алдын алу шараларының нәтижесінде басқармада 2016 жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

 

2016 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында

атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №24 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 610 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылды.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптары түсіндірілді.

Басқармада сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.

Қолданылған алдын алу шараларының нәтижесінде басқармада сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттерге жол берілген жоқ.



                             2016 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында

атқарылған жұмыстар туралы ақпараты
                      

Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №24 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 610 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылды.

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптары түсіндірілді.

Басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі және 60-53-44 «Сенім телефоны» облыс аумағында таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің 05.03.2015 жылғы сандарына жарияланды.

Басқармада сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.

Қолданылған алдын алу шараларының нәтижесінде басқармада сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттерге жол берілген жоқ.


Қызылорда облысының ветеринария басқармасы бойынша 2016 жылдың 25 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс өткізілді. Хаттамасы.


Қызылорда облысының ветеринария басқармасы бойынша 2016 жылдың 22 ақпанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс өткізілді. Хаттамасы.

 

 

 

 

 

Құрылған күні: 30-12-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-12-2018 16:14

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика