Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың жабдықталуы
Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық іс-шаралар атқарылуда:
– уақытылы вакцина егу;
– диагностикалық тексеру;
– бірдейлендіру;
– ветеринариялық анықтама беру;
– жануарларды қолдан ұрықтандыру;
– қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою және т.б.
Осы ветеринариялық іс шараларды атқаруға Қызылорда қаласы мен аудандарда 8 ветеринариялық станция, ауылдық округтерде 139 ветеринариялық пункттер құрылып, ғимараттармен, интернет жүйесімен, материалдық-техникалық жабдықтармен (Нива – 139, СанЙонг – 8, КамАЗ - 8, ДУК – 8, Инсинератор (мал өлексесін өртейтін пештер) – 40) және тиісті құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген.
Облыс бойынша осы ветеринариялық ұйымдарда 514 ветеринар маман қызмет атқарады.

Жаңартылған күні: 12-11-2019 16:25
Сұрақ қою