Новость:: 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын ветеринария саласы бойынша міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы брифинг өтті.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін нұсқаған еді. Сонымен қатар, Президент Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге және жауапты тұлғаларға ел экономикасын серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктеп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Жолдаудың ішінде  «Дамыған агроөнеркәсіп кешені» тапсырмасында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуді және ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісіне тоқталып өткен.

Осыған байланысты бұл бағытта Сыр өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап өтер болса, қазіргі күнге дейін облыс аумағынан басқа облыстарға (сыртқа) барлығы 33093 бас АШЖ (5626 бас МІҚ, 22538 бас уақ мал, 4745 бас жылқы, 184 бас түйе) шығарылды. Сонымен қатар, Өзбекстан мемлекетіне тірідей 250 бас бұқашықты (тірілей салмағы 105,0 тн), Иран Республикасына 56 бас бордақыланған бұқашықтар (тірілей салмағы 22,4 тн), Иран Ислам Республикасына 789 бас, Біріккен Араб Әмірліктеріне 950 бас тірілей қозы экспортталды.

2019 жылға облысқа «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2650 бас асыл тұқымды импортталған МІҚ аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Биыл шет мемлекеттерден малды асылдандыру және ет, сүт бағытын арттыру мақсатында 807 бас яғни, Чехия мемлекетінен 280, Германия мемлекетінен 167, Ресей мемлекетінен 360 бас асыл тұқымды МІҚ аналығы облысқа жеткізілді. Оның ішінде: Қазалы ауданына Чехия мемлекетінен «Наурыз» ШҚ 280 бас және Германия мемлекетінен «Рза» АҚ 167 бас МІҚ, Ресей мемлекетінен 360 бас. Жалағаш ауданы «Баят» ШҚ 100 бас, Шиелі ауданы «Әсет» ШҚ 120 бас, Қызылорда қаласы «Жұмабай» ШҚ 140 бас МІҚ импортталды.Осы жануарлардың карантинге қойылуы, уақытылы ветеринариялық препараттармен егілуі және диагностикалық тексерілуі басқарма тарапынан қадағалануда. Ветеринария саласы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу, адамдарға жұғу қауіпін болдырмаумен қатар ветеринария саласын дамыту, экспорт әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып отығандығына басқарма басшысы тоқталып өтті.

 Сонымен қатар, 20.02.2017 жылдан бастап "Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерліктің үлесін арттыра отырып, салық базасын ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету тікелей жауаптылықты міндеттеу туралы» тапсырмаға сәйкес облыс көлемінде ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтермен айналысу үшін 23 обьекті салық органына тіркеліп, 38 адам жұмыспен қамтылып отыр.

 

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 02-10-2019 13:10
Жаңартылған күні: 02-10-2019 13:47

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика