Новость:: 

Ит-алғаш қолға үйретілген жануар. Ол үйді күзетеді, қонақтың келгенін білдіреді, адамдарды құтқарады. Ерте заманнан қазақ итті жеті қазынаның біріне балаған.

Кейбір адамдар үй жануарларына, ит пен мысықтарға немқұрайлы қарайды. Күшік кезінде асырап алады да, ермек етіп болған соң, көшеге тастайды, өмірлеріне қатер туындап, қаңғыбас итке айналады. Оларды қоқыс үйінділерінде, базарларда, мал сою алаңдарында көптеп кездестіруге болады. Адамдарға өкпелеген олар ашулы және өте қауіпті болады.

Жыл басынан бері 1172 адамға ит пен мысық шабуыл жасап, жарақат алу жағдайы тіркелген. Қаңғыбас ит пен мысықтар адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауруларды яғни:

– құтыру;

-эхинококкоз;

-сальмонеллез;

-саркоптоз;

-трихофития;

-трихиниллез;

-демодекоз және т.б аурулардың тасымалдаушысы болып табылады .

Бұл аурулар құтырудан басқалары, тек ота жасау арқылы емделеді. Ал құтыру ауруы емделуге жатпайды, соңы өлімге әкеп соғады.

Жұқпалы және паразитарлық аурулар тарап кетпес үшін басқарма тарапынан қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстары жүргізіледі. Үстіміздегі жылы, 24558 қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды. Бұл жұмыстар жылдың соңына дейін жүргізіледі.

Қаңғыбас ит-мысықтармен күрес шаралары қоғамда ұдайы қызу пікірталас тудырып келеді. Бірі аулап жоюға қарсы болса, басқалары бұл шараны қолдайды. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға қарсы топ белсенділері арнайы тұрақтар (питомник) салынуды ұсынады.

Біріншіден, арнайы тұрақтарда (питомникте)бірде-бір арнайы біздің көшелердегі кезіп жүрген қанғыбас ит-мысықтарды сыйғызбайды. Екіншіден, арнайы тұрақтарды (питомникті) күтіп ұстау, мамандардың еңбекақысы, ит пен мысықты азықтандыру, алдын ала егу жұмыстары қомақты қаржыны қажет етеді. Сонымен қатар, арнайы тұрақтарда (питомникте) ит пен мысықтардың көптеп шоғырлануы түрлі аса қауіпті жұқпалы аурулардың кең таралуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Құрметті Қызылордалықтар! Біз үй жануарларын асырап алу шешіміне байыппен қарауды сұраймыз. Ит пен мысыққа арнайы қарғыбау тағылуы қажет. Әйтпесе, бұл жануар қараусыз деп саналады және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар тарапынан ауланып-жойылуға жатады.

Сіздер асырап жатқан жануарларға біздер жауапты екенімізді ұмытпаңыздар!

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 13-11-2019 10:30
Жаңартылған күні: 13-11-2019 10:30

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика