Облыстық ветеринария басқармасының

2019 жылдың III тоқсанында атқарған жұмыстар туралы.

АНЫҚТАМА

 

Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы бөлінген ветеринариялық препараттар облысқа 100 пайызға жеткізілді. Қазіргі күні, бекітілген 9 айлық алдын ала егу жоспары толық орындалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, дерекқор базасына енгізілуде. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дерекқор базасында 347,6 мың бас МІҚ, 737,8 мың бас уақ мал, 142,7 мың бас жылқы, 49,7 мың бас түйе, 2,7 мың бас шошқа тіркелген.

Жыл басынан бері «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша барлығы 38002 дана (1-үлгі 27575, 2-үлгі 10177, 3-үлгі 250) ветеринариялық анықтамалар рәсімделіп, ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын 42 объектіге есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға биылғы жылы аудандық (қалалық) бюджеттерден барлығы 43,4 млн. теңге бөлініп, қазіргі күні, 21309 бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.

Облыс бойынша мал қорымдарының жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 75 типтік жобада салынған.

2019 жылы салынатын 22 типтік жобадағы мал қорымдарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен 6 мал қорымына 86,5 млн. теңге және Қазалы аудандық бюджетінен 2 мал қорымына 41,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары арқылы 9 айда 10329 МІҚ, 1844 уақ мал, 2012 жылқы, 169 түйе, 79 шошқа ұшасы, 85424 партия балық сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді.


Облыстық ветеринария басқармасының

2019 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстар туралы.

АНЫҚТАМА

 

Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы бөлінген ветеринариялық препараттар облысқа 99,9 пайызға жеткізілді. Қазіргі күні, бекітілген 6 айлық алдын ала егу жоспары толық орындалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, дерекқор базасына енгізілуде. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дерекқор базасында 339,9 мың бас МІҚ, 753,8 мың бас уақ мал, 141,9 мың бас жылқы, 50,2 мың бас түйе, 2,7 мың бас шошқа тіркелген.

Жыл басынан бері «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша барлығы 25030 дана (1-үлгі 18372, 2-үлгі 6436 3-үлгі 222) ветеринариялық анықтамалар рәсімделіп, ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын 31 объектіге есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға биылғы жылы аудандық (қалалық) бюджеттерден барлығы 43,4 млн. теңге бөлініп, қазіргі күні, 15487 бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.

Облыс бойынша мал қорымдарының жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 75 типтік жобада салынған.

2019 жылы салынатын 22 типтік жобадағы мал қорымдарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен 6 мал қорымына 86,5 млн. теңге және Қазалы аудандық бюджетінен 2 мал қорымына 41,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары арқылы 6 айда 6411 МІҚ, 1074 уақ мал, 1295 жылқы, 155 түйе, 52 шошқа ұшасы, 70933 партия балық сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді. Жалпы облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.


Облыстық ветеринария басқармасының

2019 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

 

Үстіміздегі жылы, облыста аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында эпизоотиялық іс-шараларға 5031,8 мың доза ветеринариялық препараттар қаралған, қазіргі күні, 2727,4 мың дозасы (54,2%) облысқа тасымалданып жеткізілді.Бүгінгі таңда, бекітілген 3 айлық жоспар 995,1 мың басқа, немесе 100,0% орындалды.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соңғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Үстіміздегі жылы, 205,4 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Бүгінгі таңда, МІҚ тейлериоз, жылқының сақау ауруларына қажетті ветеринариялық препараттар жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Қалған ауруларға (МІҚ пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының гастрофилез, түйенің трипанасомоз) қажетті ветеринариялық препараттар сәуір айының соңына дейін сатып алынып, жеткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету. Ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 12100 дана (1-үлгі 9075, 2-үлгі 2873, 3-үлгі 152) ветеринариялық анықтамалар берілді.Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның қойып отырған талабына сәйкес, барлық елді мекендерде типтік жобадағы мал қорымдарының болуы қажет. Бұл бағытта басқарма тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс бойынша мал қорымдарының жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 75 типтік жобада салынған.

2019 жылы салынатын 22 типтік жобадағы мал қорымдарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен 6 мал қорымына 86,5 млн. теңге және Қазалы аудандық бюджетінен 2 мал қорымына 41,1 млн. теңге қаржы бөлінді.Ветеринариялық бақылау және қадағалау (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс). 2019 жыл басынан бері ветеринария саласына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 34 айыппұл салынды және 100 акт жасалып, 100 нұсқама берілді.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыста аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыста аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.


Облыс бойынша ветеринария саласында 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

 

Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы республикалық бюджет есебінен бөлінген 5190,4 мың доза және энзоотиялық ауруларға қарсы облыстық бюджет қаржысына (204,0 млн. теңге) сатып алынған 641,0 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа уақытылы жеткізіліп, егу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес, толық 100 пайызға орындалды.

2019 жылға берілген тапсырысқа сәйкес, аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5031,8 мың доза ветеринариялық препараттар бөлінетін болады. Оның ішінде, республиканың бірнеше аймақтарында тіркелген экзотикалық нодулярлы дерматит ауруының алдын алу мақсатында МІҚ малдары толық егіледі.

Сарып (бруцеллез) ауруына қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 57 бас МІҚ, 190 бас уақ мал, барлығы 247 бас анықталып, ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес, санитарлық сойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға төмендеген.

Берілген тапсырысқа сәйкес, қажетті құлақ жапсырмалары толық жеткізіліп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес, жүргізілді. Қазіргі күні, құлақ жапсырмалары толық жеткілікті. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дерекқор базасында 319,4 мың бас МІҚ, 600,1 мың бас уақ мал, 134,2 мың бас жылқы, 46,1 мың бас түйе, 2,0 мың бас шошқа тіркелген.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысы, кірісі (төл, сатып алынғаны) мен шығысы (сатылғаны, сойылғаны, өлгені) қатаң бақылауға алынған. 2018 жылы, «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша 46101 дана (1-үлгі 30296, 2-үлгі 14754, 3-үлгі 1051) ветеринариялық анықтамалар берілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы 59 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер және ішкі сауда нысандарында ветеринариялық сараптамадан өткізу қызметіне 1 лицензия рәсімделді.

Дегенмен, барлық аудандар мен Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы жануарлары ілеспе құжаттарсыз (вет.анықтама, вет.паспорт) тасымалданып, заң бұзушылықтарға жол берілген. Нәтижесінде, жыл басынан бері 1035 нұсқама беріліп, 36 айыппұл (715483 теңге) салынды.

2018 жылы 43,3 млн. теңге бөлініп, 26561 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды. Өлекселер ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, инсинератор пештерінде өртеліп және типтік жобадағы мал қорымдарына тасталды.

Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның қойып отырған талабына сәйкес, барлық елді мекендерде типтік жобадағы мал қорымдарының болуы қажет. Бұл бағытта басқарма тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. 2018 жылы облыстық бюджеттен 56,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 4 типтік жобадағы мал қорымы (Шиелі-2, Жаңақорған-2) салынды. Облыс бойынша мал қорымдарының жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 75 типтік жобада салынған.

2019 жылы салынатын 22 типтік жобадағы мал қорымдарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен 6 мал қорымына 86,5 млн. теңге және Қазалы аудандық бюджетінен 2 мал қорымына 41,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Облыс көлемінде 34 мал сою алаңы және 4 мал сою пункті тіркелген. 2018 жыл басынан мал сою алаңдарында 13551 бас МІҚ, 2159 бас уақ мал, 1653 бас жылқы, 193 бас түйе, 33 бас шошқа сойылды.

Облыс аумағында 2 мал базары (Қызылорда қаласы мен Шиелі кенті) жұмыс жасайды. Жыл басынан бері 8435 бас МІҚ, 7686 уақ мал, 5009 жылқы сатылған.

2018 жыл басынан ішкі сауда объектілерінде 11063 МІҚ, 1933 уақ мал, 1401 жылқы, 194 түйе, 105 шошқа ұшалары және 75872 партия балық өнімдері ветеринариялық сараптаудан өткізіліп, сатылымға рұқсат етілді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы 2018 жылдың эпидемиологиялық маусымында қолайсыз 127 елді мекенде тиісті механикалық тазалау және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы залалсыздандыру жұмыстарына ЦИПЭК 10% ерітіндісі қолданылды.

2019 жылдың эпидемиологиялық маусымына қолайсыз болып, 123 елді мекен анықталған. Осы елді мекендердегі мал саны, қора, суат, шаңлақ көлемі нақтыланып, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына ұсынылды. 2019 жылы залалсыздандыру жұмыстарына Креолин 5% ерітіндісі пайдаланылады.

Жобалық басқару бойынша басқарма тарапынан бірнеше жобалар әзірленіп, облыстық жобалық кеңсеге ұсынылды. Бүгінгі таңда, «Қызылорда облысында студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобасы жүзеге асырылып, жобаның басқару кестесіне сәйкес, 7 жас ветеринар маман жұмысқа қабылданып, 2018 жылға бекітілген жоспар толығымен орындалды.


2018 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

 

Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2018 жылға қаралған ветеринариялық препараттардың 100 пайызы облысқа жеткізілді.

Бүгінгі таңда, алдын ала егу, диагностикалық тексеру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сарып ауруына қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 57 бас МІҚ, 187 бас уақ мал анықталып, ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды.

Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, дерекқор базасына енгізілуде. 2018 жылға берілген тапсырысқа сәйкес МІҚ-98,4 мың дана, түйе – 9,4 мың дана, уақ мал –326,8 мың дана, шошқа – 2,5 мың дана құлақ жапсырмалары толық 100 пайыз жеткізілді.

Құтыру, эхинококкоз және т.б. індеттердің алдын алу мақсатында үстіміздегі жылы қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға 40,4 млн. теңге бөлініп, 20473 бас ит пен мысықтар ауланып, жойылды. Жойылған ит, мысық типтік жобадағы мал көмінділері мен инсинератор пештерінде жойылуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығына сәйкес жыл басынан ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге 38 есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Облыс бойынша тіркелген мал сою (34 алаң, 4 пункт) нысандарында жыл басынан бері 12034 бас МІҚ, 1827 бас уақ мал, 1470 бас жылқы, 194 бас түйе, 24 бас шошқа сойылып, ішкі сауда және басқа орындарға жіберілді.

Қызылорда облысы әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңес отырысының 2017 жылғы 7 қарашадағы №1 хаттамасын орындау мақсатында облыстық ветеринария басқармасы И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлескен «Студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобалық кеңсесі жобаны басқару кестесіне сәйкес, өз мерзімдерінде жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, агроколледжді биыл бітірген 36 жас маман үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап ветеринариялық ұйымдарда жастар практикасынан өтуде. Жастар практикасы 6 айға 2019 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады. Осыдан кейін, тағы да 6 ай қоғамдық төлем ақы жұмысымен қамтылатын болады.

Жобалық кеңсенің жобаны басқару кестесіне сәйкес, 2018 жылдың соңына дейін 7-уі, ал 2019 жылдың соңына дейін қалған 29 жас маман жұмысқа орналасады.

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы» Жолдауын іске асыру мақсатында Қызылорда облысында «Smart city» тұжырымдамасы аясында басқарма тарапынан «MOBI-Vet» мобильдік қосымшасының жобасы әзірленуде. Бұл мобильдік жобаның негізгі мақсаты шаруа қожалықтары мен халыққа ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы бойынша толық мәлімет беретін болады. Қосымшаның ветеринариялық профилактикалық іс- шараларды дер кезінде айқын, әрі шынайы түрде жүргізілуіне септігі мол. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшасының тестілеу кезеңі жүргізілуде.


Облыстық ветеринария басқармасының

2018 жылдың I жартыжылдығына атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА



Облыстық ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық обаға қарсы күрес станциясы, облыстық аумақтық инспекциясы, облыстық ветеринариялық зертхана басшылары мен мамандары бірлесіп, жануарлар мен адамға ортақ зооантропонозды аса қауіпті жұқпалы аурулардың және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) алдын-алу, болдырмау мақсатында аудандарда (қала) 29 мамыр – 1 маусым аралығында көшпелі мәжілістер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.

Осы мәжіліс барысында халыққа жануарлар мен адамға ортақ зооантропонозды және басқада жұқпалы аурулардың алдын алу, болдырмау, сақтану шаралары, қауіптілігі, клиникалық белгілері туралы кеңінен айтылып, түсіндіру, ағарту жұмыстары толық жүргізіліп, бағыт – бағдар берілді.

Бүгінгі таңда, бекітілген 6 айлық жоспар 2816,2 мың басқа немесе 102,1% орындалды. Оның ішінде: аусыл ауруына қарсы 266,9 мың бас МІҚ, 585,4 мың бас уақ мал, 1,9 мың бас шошқа алдын ала егілді.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыста эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.

2018 жыл басынан бері ветеринария саласына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 663 акт жасалып, 682 нұсқама берілді. ҚР АШМ ВБжҚК Қызылорда қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларына ӘҚБК сәйкес шара көру үшін 27 құжаттар ұсынылды.

Облыс бойынша 30 мал сою алаңы және 3 мал сою пунктінде 7541 бас МІҚ, 1066 бас уақ мал, 1014 бас жылқы, 193 бас түйе, 21 бас шошқа ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.  

Сонымен қатар жануарлардан алынатын өнімдерді сатумен айналысатын облыс аумағында тіркелген 16 ішкі сауда объектілері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс атқарады.

Осы ішкі сауда объектілерінде 6193 МІҚ, 990 уақ мал, 909 жылқы, 192 түйе ұшасы, 69 шошқа ұшасы, 54365 партия балық ветеринариялық сараптау зертханасынан сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді.


Облыстық ветеринария басқармасының 2018 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

мәліметі

 

Бүгінгі таңда, бекітілген 3 айлық жоспар 850,8 мың басқа немесе 114% орындалды. Оның ішінде: аусыл ауруына қарсы 85,9 мың бас МІҚ, 148,0 мың бас уақ мал алдын ала егілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соңғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Үстіміздегі жылы, 204,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Бүгінгі таңда, МІҚ тейлериоз, жылқының сақау ауруларына қажетті ветеринариялық препарттар жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Қалған ауруларға (МІҚ пироплазмоз, уақ малдың фациолез, жылқының гастрофлез, түйенің трипанасомоз) қажетті ветеринариялық препараттар сәуір айында сатып алып, жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі күні, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру маңызды іс-шаралардың бірі. Веб-порталдық базада 309,9 мың бас МІҚ, 584,6 мың бас уақ мал, 42,5 мың бас түйе, 119,2 мың бас жылқы, 2,0 мың бас шошқа тіркелген.

Ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 10830 дана (1-үлгі 7263, 2-үлгі 3256, 3-үлгі 311) ветеринариялық анықтамалар берілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің компьютерлік дерекқор базасы мен статистикалық мәліметтің арасындағы айырмашылықтарды сәйкестендіруге біршама жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, 2018 жылғы 1 наурызға МІҚ 3473 бас немесе 1,1%, уақ мал 6216 бас немесе 1,1%, жылқы 180 бас немесе 0,1%, түйе 270 бас немесе 0,6%, шошқа 135 бас немесе 6,6% дейін қысқартылды.

Облыс бойынша мал көмінділерінің жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай 71 типтік жобада салынған. Ағымдағы жылы, 10 типтік жобадағы мал қорымын салу жоспарлануда. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыста эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.

2018 жыл басынан бері ветеринария саласына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 264 акт жасалып, 205 нұсқама берілді. ҚР АШМ ВБҚК Қызылорда қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларына шара көру үшін 16 мәлімет ұсынылды.

Облыс бойынша 26 мал сою алаңы және 2 мал сою пунктінде 3575 бас МІҚ, 512 бас жылқы, 383 бас уақ мал, 155 бас түйе, 16 бас шошқа ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.

Сонымен қатар жануарлардан алынатын өнімдерді сатумен айналысатын облыс аумағында 16 ішкі сауда объектісі (қала мен аудан орталықтарындағы базарлар) тіркелген. Ішкі сауда объектілері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс атқарады.

Осы ішкі сауда объектілерінде 2519 МІҚ, 466 жылқы, 370 уақ мал, 154 түйе ұшасы, 38 шошқа ұшасы, 22538 партия балық ветеринариялық сараптау зертханасынан сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2018 жылдың 3 айында 12 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер рәсімделіп, берілді.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында облыс аумағына Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) сарапшылары екінші рет инспекциялық бағалау жұмыстарын жүргізетіндігі белгілі. Осыған байланысты, нысандарды аралау сызбасы ҚР АШМ-не ұсынылды.


Облыстық ветеринария басқармасының 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы

мәліметі

 

2017 жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға республикалық бюджет есебінен 5906,0 мың доза ветеринариялық препараттар уақытылы жеткізіліп, бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары 100 пайыз орындалды.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы облыстық бюджет есебінен 760,5 мың доза ветеринариялық препараттар сатып алынып, жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілді. Сарып індетіне қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 76 бас МІҚ, 321 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес санитарлық сойылды. Облыстың эпизоотиялық-топографиялық картасы жаңартылды.

Облыс көлемінде мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды жоятын типтік жобадағы 71 мал көмінділері салынып пайдалануда. (Үстіміздегі жылы Қазалы ауданында 2 типтік жобадағы (ОБ 23,5 млн. теңге) мал көміндісі салынды).

Облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен мал көмінділерінің құрылысына кезең-кезеңімен қаржы бөлінетін болды. 2018 жылы 19 типтік жобадағы мал көміндісі (Арал 5, Жалаған 4, Шиелі 5, Жаңақорған 5) салынатын болады.

 2017 жылы 41,1 млн. теңге бөлініп, 25937 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар (23108 ит, 2694 мысық) ауланып, жойылды. Өлекселер ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес инсинератор пештерінде өртеліп және типтік жобадағы мал көмінділеріне тасталды.

Облыс бойынша бұрын белгісіз болып келген 67 сібір жарасы ошақтарының 60 нақтыланып, талапқа сай қоршалып, қауіпсіздік белгісі қойылып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. 2017 жылы Шиелі аудандық бюджеттен 12,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 5 сібір жарасы ошағы қайта қалпына келтірілді.

Үстіміздегі жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының індет ошағы болып 117 елді мекен тіркеліп, көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.

2018 жылдың эпидемиологиялық маусымына қолайсыз болып 127 елді мекен анықталған. Қазіргі күні осы елді мекендердегі мал саны, қора, суат, шаңлақ көлемі нақтыланып, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына ұсынылды.

 2017 жылы ХЭБ-ның шешіміне сәйкес Қызылорда облысы аусыл ауруынан буферлік аймақтан шықты. Осыған сәйкес Иранға 812 бас және Біріккен Араб Әмірлігіне 1130 бас уақ мал экспортталды.

Анықтама ретінде: ХЭБ сарапшылары 2018 жылдың 1 жарты жылдығында Қызылорда облысы аумағына екінші рет инспекциялық бақылау жұмыстарын жүргізеді. Осыған сәйкес ветеринариялық нысандардың аралау сызбасы ұсынылды. Бірдейлендіру. ҚР АШМ-не 2017 жылға берілген тапсырысқа сәйкес  122978 МІҚ, 11986 түйе, 424112 уақ мал, 3436 шошқаның құлақ жапсырмалары облысқа 100 пайыз жеткізілді.

«Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша 37262 дана ветеринариялық анықтама берілді. Оның ішінде 1 үлгі – 21302, 2 үлгі – 14803, 3 үлгі бойынша – 1157 дана рәсімделген.

2017 жылы 115 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер және ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға 6 лицензия (ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық сараптамадан өткізу) берілді.Облыс көлемінде 26 мал сою алаңы, 2 мал сою пункті жұмыс жасап тұр. Облыс аумағында 2 мал базары және 16 ішкі сауда объектілері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс жасап тұр.

2017 жыл басынан күнделікті бақылау барысында 268 ветеринариялық заң бұзушылықтар анықталып, нұсқама беріліп, нәтижесімен инспекцияға 129, жергілікті полиция қызметіне 10 мәлімет ұсынылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 13 айыппұл (618055 теңге) салынды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында облыс бойынша ветеринария саласында 17 жаңа нысан ашылып, 65 адам жұмыспен қамтылды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына пилоттық жоба бойынша «Студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру», «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» және «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» тақырыптарында 3 жоба ұсынылды. Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.


Ветеринария басқармасы

2017 жылдың 9 айы бойынша

 

Бүгінгі таңда 5809,2 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізіліп, 4562,1 мың доза қолданылып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

Сарып індетіне қарсы 301,9 мың бас МІҚ, 661,3 мың бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 76 бас МІҚ, 202 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес санитарлық сойылуда.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына 2017 жылы облыстық бюджеттен 204,7 млн. теңгеге қажетті ветеринариялық препараттар сатып алынып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі күні ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру маңызды іс-шаралардың бірі. Үстіміздегі жылдың 1 қазанында веб-порталдық базада 289,1 мың бас МІҚ, 736,8 мың бас уақ мал, 42,9 мың бас түйе, 116,9 мың бас жылқы, 2,7 мың бас шошқа тіркеліп отыр.

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдеріне және шикізатына берілетін ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Үстіміздегі жылдың 9 айында барлығы 24869 дана (1-үлгі 13108, 2-үлгі 10931, 3-үлгі 830) ветеринариялық анықтамалар берілді.

Облыс бойынша мал көмінділерінің жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай 69 типтік жобада салынған. Қалған 77 қарапайым шұңқырларға типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен жыл сайын кезең-кезеңімен қаржы бөлінуде.

Жануарлардан алынатын өнімдерді сатумен айналысатын облыс аумағында 16 ішкі сауда объектісі (қала мен аудан орталықтарындағы базарлар) тіркелген. Ішкі сауда объектілері ҚР 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 22 бабымен қойылған талаптарға сәйкес жұмыс атқарады.

2017 жыл басынан ішкі сауда объектілерінде 11641 мүйізді ірі қара, 1262 жылқы, 11383 уақ мал, 244 түйе ұшасы, 371 партия балық ветеринариялық сараптау зертханасынан ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту  туралы» бұйрығына сәйкес сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді.

Облыс бойынша 35 мал сою алаңы және 2 мал сою пункті (Жаңақорған ауданында З.Сыздықов және  Көбелдес) тіркелген, оның ішінде 26 мал сою алаңы және 2 мал сою пункті жұмыс жасап тұр, 9 мал сою алаңы әртүрлі себептермен жұмыс істеп тұрған жоқ. Мал сою алаңдары мен пункттері ҚР АШМ 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс атқаруда.

2017 жыл басынан осы мал сою алаңдарында 8616 бас мүйізді ірі қара, 3160 бас уақ мал, 1204 бас жылқы малы 2 бас шошқа 462 бас түйе малы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.

ҚР АШМ 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту  туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 9 айында 95 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер рәсімделді.

Ветеринария саласы бойынша ветеринариялық сараптама зертханасы, ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі, қолдан ұрықтандыру, дезинфекция, дезинсекция, дератизация және ветеринариялық дәріхана қызметтерін ашу бағытында басқарма тарапынан жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 15 жаңа нысан іске қосылды.


Ветеринария басқармасы

2017 жылдың I жартыжылдығы

 

2017 жылы облысқа эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5906,0 мың доза ветеринариялық препараттар және осы іс-шараларды толық атқаруға 678,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 4261,9 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізіліп, 3308,8 мың доза қолданылып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.
Сарып індетіне қарсы 182,1 мың бас МІҚ, 325,5 мың бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 45 бас МІҚ, 86 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылуда. Жануарлардың энзоотиялық ауруларына 2017 жылы облыстық бюджеттен 204,7 млн. теңгеге қажетті ветеринариялық препараттар сатып алынып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. 
Қазіргі күні ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру маңызды іс-шаралардың бірі. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде веб-порталдық базада 295,6 мың бас МІҚ, 750,2 мың бас уақ мал, 43,0 мың бас түйе, 114,4 мың бас жылқы, 2,8 мың бас шошқа тіркеліп отыр. 
Сібір жарасы індетінің ошақтары. Қазақстан Республикасының сібір жарасынан станционарлық-қолайсыз пункттерінің    1948-2002 жылдар аралығындағы Кадастры бойынша облыс аумағында тіркелген 67 сібір жарасы індеті ошағының 60-ның (Арал ауданы - 14, Қазалы ауданы - 11, Қармақшы ауданы - 2, Жалағаш ауданы - 14, Сырдария ауданы - 6, Шиелі ауданы - 5, Жаңақорған ауданы - 7, Қызылорда қаласы - 1) координаттары нақтыланды. Ошақтарды қоршап, белгі қою, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 47,2 млн.теңге қаржы бөлінді. 
Ішкі сауда обьектілері. Облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда обьектілері (базарлар) жұмыс жасайды. Ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық сараптама зертханаларында жыл басынан 7966 міқ ұшасы, 873 жылқы ұшасы,  8150 уақ мал  ұшасы сараптамадан өткізілді. Облыс аумағындағы жануарларды өткізуді жүзеге асыратын 4 өндіріс объектілері (мал базарлары) жұмыс жасайды. Жыл басынан 8287 бас МІҚ, 4787 бас жылқы, 6917 бас уақ мал, 9 бас түйе сатылған.
Сонымен қатар, облыс бойынша 37 мал сою алаңы бар. Жыл басынан мал сою алаңдарында 6329 бас МІҚ, 1781 бас уақ мал, 2 бас шошқа, 926 бас жылқы, малы сойылды. 

Ветеринария басқармасы

2017 жыл I-ші тоқсан

 

Үстіміздегі жылы облысқа эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5906,0 мың доза ветеринариялық препараттар және осы іс-шараларды толық атқаруға 672,4 млн. тенге қаржы бөлінді. 
Бүгінгі таңда 2207,7 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Сарып індетіне қарсы 72,7 мың бас МІҚ, 100,0 мың бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 27 бас МІҚ, 15 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылуда.
Ветеринариялық анықтамалар «Біріңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 9304 дана (1 - үлгі 5537, 2 - үлгі 3578, 3 - үлгі 189) ветеринариялық анықтамалар берілді. 
Облыс бойынша мал көмінділерінің жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай 69 типтік жобада салынған. Қалған 77 қарапайым шұңқырларға типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен кезең-кезеңімен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар облыс бойынша мал өлекселерін өртейтін 8 жылжымалы, 32 стационарлық инсинератор пештері жұмыс жасап тұр.
Сібір жарасы індетінің ошақтары. Облыс аумағында тіркелген 67 сібір жарасы індеті ошағының 60-ның (Арал ауданы - 14, Қазалы ауданы - 11, Қармақшы ауданы - 2, Жалағаш ауданы - 14, Сырдария ауданы - 6, Шиелі ауданы - 5, Жаңақорған ауданы - 7, Қызылорда қаласы - 1) координаттары нақтыланды. Ошақтарды қоршап, белгі қою, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 47,2 млн.теңге қаржы бөлінді. 
Ішкі сауда обьектілері. Облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда обьектілері (базарлар) жұмыс жасайды. Ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық сараптама зертханаларында жыл басынан 1755 міқ ұшасы, 307 жылқы ұшасы, 1014 уақ мал  ұшасы сараптамадан өткізілді. Облыс аумағындағы жануарларды өткізуді жүзеге асыратын 4 өндіріс объектілері (мал базарлары) жұмыс жасайды. Жыл басынан 4179 бас МІҚ, 2397 бас жылқы, 2555 бас уақ мал, 9 бас түйе сатылған.
Сонымен қатар, облыс бойынша 36 мал сою алаңы бар, оның ішінде 27 мал сою алаңы жұмыс жасап тұр, 9 мал сою алаңы жұмыс істеп тұрған жоқ (1 – сот шешімімен, 1 – кәсіпкердің еркімен, 7 – сойыс малының жоқтығынан). Жыл басынан мал сою алаңдарында 2907 бас МІҚ, 1290 бас уақ мал, 2 бас шошқа, 436 бас жылқы, малы сойылды.      

Ветеринария басқармасы

2016 жылдың қорытынды мәлімет

2016 жылы облыста аса қауіпті 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды толық атқаруға 635,9 млн. тенге қаржы және 5674,7 мың доза ветеринариялық препараттар бөлінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда мал басының өсуіне байланысты 256,2 мың дозаға артқан.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген 167,9 млн. теңгеге жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық (МІҚ өттеу, пироплазмоз, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) ауруларына дәрі-дәрмектер сатып алынды. Бұл қаржы 2015 жылмен салыстырғанда 19,5 млн. теңгеге (148,4 млн. теңге) көбейген. Алдын ала егу жұмыстары толық орындалды.

Сарып індетіне қарсы 359,0 мың бас МІҚ, 876,9 мың бас уақ мал тексеріліп, 76 бас МІҚ, 160 бас уақ мал, барлығы 236 бас ауру анықталып, ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 60% (2015 жылы 587 бас ауру МІҚ мен уақ мал анықталған) азайған. Ал адамдар арасында бұл аурумен 2015 жылы 91 адам ауырса, 2016 жылы 57 адам ауырып, 37% азайған.

Облысты буферлік аймақтан шығару мақсатында аусыл ауруына қарсы бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу толық (572,2 мың бас МІҚ және 1508,9 мың бас уақ малға, 6,0 мың бас шошқаға егілді) жүргізілді.

Бірдейлендіру. Облысқа өткен жылы 106 мың бас МІҚ, 295,0 мың бас уақ мал, 12,1 мың бас түйе, 1,9 мың бас шошқаның құлақ жапсырмалары жеткізілді. Бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

Ветеринария саласын бір жүйеге келтіру, күнделікті бақылау жүргізу мақсатында 2016 жылдан бастап алғаш рет ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделіп, барлығы 39205 дана берілді. Оның ішінде 9205 дана қағаз түрінде, 30000 дана (1 - үлгі 16977, 2 - үлгі 12358, 3 - үлгі 665) «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша.

Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға байланысты облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы 41,1 млн. теңге (2015 ж. - 38,3 қаржы бөлінген), бөлініп, 25799 бас ауланып, жойылды. Өлекселер ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес инсинератор пештерінде және типтік жобадағы мал көмінділеріне тасталды.

Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға байланысты облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы 41,1 млн. теңге (2015 ж. - 38,3 қаржы бөлінген), бөлініп, 25799 бас ауланып, жойылды. Өлекселер ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес инсинератор пештерінде және типтік жобадағы мал көмінділеріне тасталды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығына сәйкес 2016 жылы 190 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер берілді.


Ветеринария басқармасы

2016 жыл 9 айлық мәлімет

Облыс бойынша 36 мал сою алаңы бар, оның ішінде 26 мал сою алаңы жұмыс жасап тұр. Басқарма тарапынан осы мал сою алаңдарына бақылау, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктерге байланысты кіре берістеріне дезтосқауылдар орналастырылып, ветеринариялық талаптарға сәйкес қалпына келтірілді. Слайд

2016 жылы осы мал сою алаңдарында 19361 бас МІҚ, 10044 бас уақ мал, 1701 бас жылқы малы, 210 бас шошқа, 181 бас түйе малы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.

ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар» Заңына сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға (ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық сараптамадан өткізу) 2016 жылы 3 лицензия берілді. 

2016 жылы ішкі сауда объектілерінде 14209 МІҚ, 9884 уақ мал, 1548 жылқы, 284 шошқа, 178 түйе ұшасы ветеринариялық сараптау зертханасынан сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соңғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Үстіміздегі жылы 167,9 млн. теңге бөлініп, қажетті ветеринариялық препараттар сатып алынды.

Ветеринариялық анықтамалар «Біріңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Қазіргі күні бұл қызмет тегін жүргізіледі. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 27999 дана ветеринариялық анықтамалар берілді. Оның ішінде 9205 дана қағаз түрінде, 18794 дана (1 - үлгі 10319, 2 - үлгі 8043, 3 - үлгі 432) «Біріңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша.

Мемлекеттік қызмет көрсету. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығына сәйкес жыл басынан 46 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ішкі сауда обьектілері. Облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда обьектілері (базарлар) жұмыс жасайды. Ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық сараптама зертханаларында 4535 міқ ұшасы, 356 жылқы ұшасы, 3939 уақ мал  ұшасы сараптамадан өткізілді. Облыс аумағындағы жануарларды өткізуді жүзеге асыратын 2 өндіріс объектілері (мал базарлары) жұмыс жасайды. Жыл басынан 3852 бас МІҚ, 2145 бас жылқы, 4316 бас уақ мал, 4 бас түйе, 3 бас шошқа сатылған.

Сібір жарасы індетінің ошақтары. Облыс аумағында тіркелген 67 сібір жарасы індеті ошағының 60-ның (Арал ауданы - 14, Қазалы ауданы - 11, Қармақшы ауданы - 2, Жалағаш ауданы - 14, Сырдария ауданы - 6, Шиелі ауданы - 5, Жаңақорған ауданы - 7, Қызылорда қаласы - 1) координаттары нақтыланды. Ошақтарды қоршап, белгі қою, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 16,1 млн.теңге қаржы бөлінді.

Буферлік аймақ. Аусыл ауруына қарсы Ресей Федерациясында дайындалған тазартылған (очищенный) А, О, Азия-1 үш валентті вакцина жылда тұрақты түрде бөлінуде. Облыс бойынша бекітілген жоспарға сәйкес 420,7 мың бас МІҚ және 1142,6 мың бас уақ малға, 4,6 мың бас шошқаға көктемгі алдын ала егу шаралары толық жүргізілді.


Ветеринария басқармасы

2016 жыл І жартыжылдық

Буферлік аймақ. Аусыл ауруына қарсы Ресей Федерациясында дайындалған тазартылған (очищенный) А, О, Азия-1 үш валентті вакцина жылда тұрақты түрде бөлінуде. Облыс бойынша бекітілген жоспарға сәйкес 280,9 мың бас МІҚ және 690,0 мың бас уақ малға, 2,6 мың бас шошқаға көктемгі алдын ала егу шаралары толық жүргізілді. Қызылорда облысын буферлік аймақтан шығару мақсатында мал басын нақтылау, бірдейлендіру, вакцинациялау, мал қозғалысының кіріс-шығысын бақылау және түсіндіру ағарту шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Жалпы ХЭБ қойып отырған барлық талаптары жергілікті атқарушы орган тарапынан орындалуда.

Сібір жарасы індетінің ошақтары. Сібір жарасы індетінің ошақтарын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Облыс әкімінің өкімімен облыстық тиісті құзырлы мекемелермен жұмыс тобы құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижесінде 67 сібір жарасы індеті ошақтарының бүгінгі таңда 26-ның координаттары нақтыланып (Арал ауданы - 2, Қазалы ауданы - 10, Қармақшы ауданы - 2, Шиелі ауданы - 5, Жаңақорған ауданы - 7), МЖК ААЖ-не енгізілді. Ошақтарды қоршап, белгі қою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 11,3 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті іс-шаралар атқарылды. 2015 жылдың қыркүйек айында «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нің профессоры Қ.Түргенбаев, ҚР АШМ ВБҚК «Ветеринария бойынша референттік Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас маманы С.Сүлейменовтердің қатысуымен нақтыланбаған 41 ошақ (Арал ауданы - 12, Қазалы ауданы - 1, Жалағаш ауданы - 14, Сырдария ауданы - 7, Қызылорда қаласы - 7) тіркелген аймақтарға экспедициялық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесімен қорытынды акт жасалды.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы індеті. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, үстіміздегі жылы қосымша 21 елді мекендерден кенелердің "Конго-қырым геморрагиялық қызбасы" індеті анықталған. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген елді мекендерге Арал ауданынан 6 елді мекен қосылып, облыс бойынша жалпы саны 100 қолайсыз елді мекенге қосымша жаңадан барлығы 27 елді мекен қолайсыз аймақтар деп танылды. Қазіргі күні майда малды тоғыту жұмыстары ұйымдастырылып, (01.07.2016ж. мәлімет) 204,3 мың бас тоғытылды. (Дезаккаризацияланды) Облыс бойынша 88 мал тоғыту ванналары жұмыс жасап тұр. Алдағы уақытта барлығы 28 (Арал ауданы - 9, Қазалы ауданы - 12, Қармақшы ауданы - 3, Жаңақорған ауданы - 4) мал тоғыту ванналары салу жоспарлануда. Бүгінгі  таңда 204306 бас малы тоғытылды.

Ішкі сауда обьектілері Облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда обьектілері (базарлар) жұмыс жасайды. Ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық сараптама зертханаларында 4766 міқ ұшасы, 407 жылқы ұшасы, 2903 уақ мал  ұшасы сараптамадан өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығына сәйкес жыл басынан 72 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.


Ветеринария басқармасы

2016 жыл І-ші тоқсан

«Сібір жарасы індетінің» ошақтары координаттарын нақтылау бойынша. Қызылорда облысы аумағында тіркелген 67 сібір жарасы індеті ошақтарының бүгінгі таңда 26-ның координаттары нақтыланып (Арал ауданы - 2, Қазалы ауданы - 10, Қармақшы ауданы - 2, Шиелі ауданы - 5, Жаңақорған ауданы - 7), мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығына сәйкес жыл басынан 30 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ішкі сауда обьектілері: Облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда обьектілері (базарлар) жұмыс жасайды. Ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық сараптама зертханаларында 1802 міқ ұшасы, 414 жылқы ұшасы, 546 уақ мал ұшасы, 162 түйе, 70 шошқа  ұшасы сараптамадан өткізілді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою: Әртүрлі паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою тұрақты жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы (Арал ауданы - 5,0 млн. теңге, Қазалы ауданы - 5,4 млн. теңге, Қармақшы ауданы - 2,6 млн. теңге, Жалағаш ауданы - 2,0 млн. теңге, Сырдария ауданы - 1,0 млн. теңге, Шиелі ауданы - 3,0 млн. теңге, Жаңақорған ауданы - 1,8млн. теңге, Қызылорда қаласы - 18,8 млн. теңге) барлығы 39,6 млн. теңге бөлініп, қазіргі күні 6578 бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.

Буферлік аймақ:  2015 жылдың қазан айының 8 - 11 аралығында ХЭБ-ның бас директоры Бернард Валл, ХЭБ Шығыс Еуропа бойынша аймақтық өкілдігінің басшысы Казимирас Лукаускас Астана қаласына іс-сапармен келді. Кездесу барысында облыс аумағында аусыл індетінен буферлік аймақтан шығаруға байланысты атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шараларға қанағаттанғандығын жеткізді.

Буферлік аймақтан шығу шешімі 2016 жылдың мамыр айында Париж қаласында өтетін ХЭБ-ның 84-Ассамбле­я делегаттарының қарауына ұсынылады. Жалпы облыс аумағын буферлік аймақтан шығаруға дайын.

Алдын ала егу:   Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соңғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Үстіміздегі жылы 167,9 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 03-10-2019 11:33

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика