• Дата публикации: 02/10/2019 - 13:30
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын ветеринария саласы бойынша міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы брифинг өтті.

     

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін нұсқаған еді. Сонымен қатар, Президент Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге және жауапты тұлғаларға ел экономикасын серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктеп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

    Жолдаудың ішінде  «Дамыған агроөнеркәсіп кешені» тапсырмасында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуді және ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісіне тоқталып өткен.

    Осыған байланысты бұл бағытта Сыр өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап өтер болса, қазіргі күнге дейін облыс аумағынан басқа облыстарға (сыртқа) барлығы 33093 бас АШЖ (5626 бас МІҚ, 22538 бас уақ мал, 4745 бас жылқы, 184 бас түйе) шығарылды. Сонымен қатар, Өзбекстан мемлекетіне тірідей 250 бас бұқашықты (тірілей салмағы 105,0 тн), Иран Республикасына 56 бас бордақыланған бұқашықтар (тірілей салмағы 22,4 тн), Иран Ислам Республикасына 789 бас, Біріккен Араб Әмірліктеріне 950 бас тірілей қозы экспортталды.

    2019 жылға облысқа «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2650 бас асыл тұқымды импортталған МІҚ аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Биыл шет мемлекеттерден малды асылдандыру және ет, сүт бағытын арттыру мақсатында 807 бас яғни, Чехия мемлекетінен 280, Германия мемлекетінен 167, Ресей мемлекетінен 360 бас асыл тұқымды МІҚ аналығы облысқа жеткізілді. Оның ішінде: Қазалы ауданына Чехия мемлекетінен «Наурыз» ШҚ 280 бас және Германия мемлекетінен «Рза» АҚ 167 бас МІҚ, Ресей мемлекетінен 360 бас. Жалағаш ауданы «Баят» ШҚ 100 бас, Шиелі ауданы «Әсет» ШҚ 120 бас, Қызылорда қаласы «Жұмабай» ШҚ 140 бас МІҚ импортталды.Осы жануарлардың карантинге қойылуы, уақытылы ветеринариялық препараттармен егілуі және диагностикалық тексерілуі басқарма тарапынан қадағалануда. Ветеринария саласы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу, адамдарға жұғу қауіпін болдырмаумен қатар ветеринария саласын дамыту, экспорт әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып отығандығына басқарма басшысы тоқталып өтті.

     Сонымен қатар, 20.02.2017 жылдан бастап "Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерліктің үлесін арттыра отырып, салық базасын ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету тікелей жауаптылықты міндеттеу туралы» тапсырмаға сәйкес облыс көлемінде ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтермен айналысу үшін 23 обьекті салық органына тіркеліп, 38 адам жұмыспен қамтылып отыр.

     

     

  • Дата публикации: 21/09/2019 - 12:43
    Мазмұны:

    Ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы

    туралы кеңейтілген мәжіліс өтті

     

    Бүгін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Өтеғұлов Арман Кәрімұлының қатысуымен аймақта биологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық- профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

    Аталған мәжіліске облыстық ветеринария басқармасы, облыстық аумақтық инспекция, ветеринариялық зертхана, аумақтық құрылымдық бөлімшелері және қалалық ветеринария бөлім басшылары, мамандары қатысты. Ал, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ветеринария бөлімдері және ветеринариялық станция басшылары мен мамандары бейнеселекторлық байланыста болды.

    Мәжіліс барысында Басқарма басшысы Е. Апетов облыс көлемінде ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуын биологиялық және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

    Мәжіліс соңында Комитет төрағасы Арман Кәрімұлы облыста эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылық білдірді.

  • Дата публикации: 19/09/2019 - 18:28
    Мазмұны:

    ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.

    Бүгін 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының басшысы Апетов Ерсұлтан Амантайұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Осы қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар қойған сұрақтарға сала басшысы тарапынан тұщымды жауаптар мен кеңестер берілді.

  • Дата публикации: 18/09/2019 - 17:41
    Мазмұны:

    2019 жылдың 1 тамыз күні облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е. Апетов қоғамдық жеке қабылдау барысында Арай ықшам ауданы, Бәйшешек көшесі № 4 үй тұрғыны Қ. Нұрғалиевты өтінішін қарады.         Өтінішіне сәйкес, мал қорасы мен ауыл шаруашылығы жануарларын кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді сұрады.

    Осыған орай а.ж 18 қыркүйегінде жеке мердігер мекеме «Сервис Дезо» тарапынан кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

  • Дата публикации: 18/09/2019 - 17:36
    Мазмұны:

    ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ.

    Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.А. Апетов барлық аудандарда іссапарда болып, облыс көлемінде ветеринариялық іс-шаралардың атқарылуы бойынша көшпелі мәжілістер өткізді.

  • Дата публикации: 18/09/2019 - 17:33
    Мазмұны:

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу бойынша басқарма қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

  • Дата публикации: 18/09/2019 - 17:29
    Мазмұны:

    ЖАҢАҚОРҒАН ШИЕЛІ АУДАНДАРЫ БОЙЫНША

    ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ.

    Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е. Апетов Жаңақорған, Шиелі аудандарында жиналыс өткізіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралар мен мемлекеттік қызмет көрсету және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.

  • Дата публикации: 18/09/2019 - 17:24
    Мазмұны:

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

    2019 жылғы 7 маусымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының 2.1-тармағының 1- тармақшасына сәйкес Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Ветеринария басқармасы қызыметкерлерінің қатысуымен Қ.Р Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қызылорда Облысы бойынша департамент қызыметкері М.Искаковтың қатысуымен құқықтық сауатты арттыру туралы отырысы болып өтті.

  • Дата публикации: 26/07/2019 - 09:57
    Мазмұны:

    2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

    Бүгін 2019 жылдың 25 шілдесінде Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Апетов Ерсұлтан Амантайұлы 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

     

  • Дата публикации: 22/07/2019 - 16:26
    Мазмұны:

    Бруцеллез ауруынан сақ болыңыз!

     

    Бруцеллез ауруының қоздырғыштары сыртқы әсерлерге тұрақты келеді: сүт тағамдарында 10 немесе одан да көп күндерге сақталса, ауыл шаруашылығы жануарларының терісінде 3-4 айға, суда 5 айға, топырақта 2-3 айға дейін сақталады.Ауыл шаруашылығы жануарларының арасында аса үлкен қауіп төндіретін қой мен ешкі болып табылады.Ауру қоздырғыштары бруцеллез ауруымен ауыратын малдың сүтінен, түсігінен, жатыр суынан, плацентасынан, несебінен бөлінеді.

    Ауру қоздырғыштары адамға ауыл шаруашылығы жануарларын күту, қырқу, төлдеу  уақытында ветеринариялық-санитариялық сақтандыру шараларын сақтамаған уақытта тері арқылы жұғады.Бруцеллез ауруының негізгі белгілері ауру жұқтырғаннан кейін 7-30 күн ішінде байқалады: тез шаршау, тамаққа тәбеттің жоқтығы, бас ауруы, әлсіздік белгілері.Ем қабылдамаған жағдайда науқастың дене қызуы 38-39 градусқа көтеріліп, жоғары және төменгі дене бітімі буындары мен мойын және қолтық астындағы бездері үлкейіп ұйқы қашады.

    Жануарларда бруцеллез ауруының негізгі белгілері: ақсақтық, сауын малдың сүт бездері мен буындарының ісіп кетуі, түсік тастауы. Мұндай жағдайда міндетті түрде ветеринарларға жүгіну керек. Ауру мал анықталған жағдайда, сау мал басынан оқшаулап бөлек ұстау қажет. Жұқпаның көзі – ауру мал, ал таралудың негізгі факторы мал өнімдері екенін ескерсек, онда ең алдымен ауру көзімен күресу шарт. Ет, ет өнімдерін, сүт, сүт өнімдерін сатып алар кезде сатушыдан осы өнімдердің ветеринариялық сараптамадан өткендігі жөніндегі анықтама құжатын сұрауға құқылысыз.

     

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика